00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Полицейлер адам саудасының 50-ге жуық дерегін анықтады

Полицейлер адам саудасының 50-ге жуық дерегін анықтады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері 22-24 мамыр аралығында «STOP-трафик» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Адам саудасының 49 дерегі, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты тоғыз дерек анықталды.

Адамдар «трафигімен» байланысты заңға қайшы әрекеттерді жүзеге асырған күдіктілерге қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету деректері бойынша үш сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Астанада тоғыз «элиталық» монша кешенінің аумағында жас қыздарды сексуалдыққа тарту және мәжбүрлеу бойынша қылмыстық жүйені жолға қойған 17 адамнан тұратын топтың қылмыстық әрекетінің жолы кесілді. 30-дан астам тінту іс-шарасы өткізіліп, ақша және алты автокөлік тәркіленді. Негізгі фигуранттар қамауға алынды.

Шымкентте осыған ұқсас ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді. Онда жалпы сомасы 1 млн теңге және 16 мың АҚШ долларынан астам қаражат, 10 автокөлік тәркіленді. Топ жетекшілері мен мүшелері қамауға алынды.

Петропавлда 2023 жылдан бастап зорлық-зомбылық пен бопсалау арқылы жас қыздарды жыныстық қанауға мәжбүрлеп келген қылмыстық топ әрекет еткен. Ұйымдасқан қылмыстық топ құру, басқару және оған қатысу дерегі бойынша қылмыстық іс тергелуде, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Бірқатар өңірде әлеуметтік осал топтардан шыққан адамдарды қайыр сұрауға мәжбүрлеу фактілері анықталды.