00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Отандық автопарктер 2,5 мың жаңа автобуспен толықты

29 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Отандық автопарктер 2,5 мың жаңа автобуспен толықты
Фото: Бақтыгүл Бурбаева

Биыл елімізде Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы өңірлерде қалалық автобустарды жаңартуға жеңілдікті лизинг тетігі іске қосылды, деп хабарлады Elorda.info

Нәтижесінде автобус парктеріне 2,5 мың көлік, оның ішінде 774 экологиялық таза автобус жеткізілді. Аталған шаралар тозу деңгейін 13 пайызға дейін төмендетті (46%-дан 33%-ға дейін).

Жыл ішінде барлық өңірде қалалық автобустар электронды жол ақысын төлеуге көшті. Өз кезегінде автобустарды онлайн режимде толық диспетчерлік сүйемелдеу аялдамаларға автобустардың келуі арасындағы ең көп аралықты 20 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Алдағы уақытта бұл аралықты 15 минутқа дейін азайту міндеті тұр, - делінген Көлік министрлігінің ақпаратында.

Айта кетерлігі, өткен жылдармен салыстырғанда жолаушылар саны 9%-ға артып, 1,5 млрд жолаушыны құрады.