00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қосымша құн салығы үшін өтемақы берілетіні рас па – министрлік жауабы

14 наурыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қосымша құн салығы үшін өтемақы берілетіні рас па – министрлік жауабы
Фото: Elorda.info

Еңбек министрлігінің хабарлауынша, мессенджерлерде ҚҚС үшін өтемақы төлемін енгізгені туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат таратылуда, деп хабарлайды Elorda.info.

Тағайындалған қаражатты аудару үшін белгісіз азаматтар сілтемеге өтуді ұсынады.

Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз, - делінген министрлік хабарламасында.

Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады.

Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз, - деп ескертті ведомство өкілдері.