00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Оқулықтар мазмұнына сараптама жүргізу үшін электрондық платформа әзірленді

1 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Оқулықтар мазмұнына сараптама жүргізу үшін электрондық платформа әзірленді
Фото: freepik

Келесі жылдан бастап оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау жұмыстары арнайы электрондық платформада жүргізіледі. Бұл туралы Elorda.info ҚР Оқу-ағарту министрлігі Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығына сілтеме жасап хабарлады.

Орталық өздерінде жүзеге асырып жатқан «Білім беру мазмұны мен білім беру ресурстарының сапасын бағалау жүйесі мен сараптаудың электрондық платформасын әзірлеу» кіші жобасының нәтижелерін жариялады.

Министрліктің қолдауымен ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында «Білім беру мен ғылымды модернизациялаудың ғылыми негіздері» атты ірі бағдарлама қолға алынды. Ол арқылы білім беру мазмұнын сараптаудың электрондық платформасы әзірленді. Бұл сараптама жүргізу кезінде оқу әдебиеттеріне сапалы таңдау жасауға ықпал етеді. Сондай-ақ оқулықтар мен ОӘК сарапшыларының мүмкіндіктерін кеңейтеді, -  деді Орталық директоры Назира Абдрахманова.

Платформа сараптама жүргізу кезінде обьективті шешімдер қабылдауға, сараптама процесін мониторингілеуді цифрлық сервисте жүзеге асыруға көмектеседі.

Қазіргі таңда электрондық платформаның тестік нұсқасын таныстыру мақсатында Алматы, Астана қалаларында республикалық семинарлар ұйымдастырылып, онлайн режимде де презентациясы жасалды.

Электрондық платформа қолданысқа берілгеннен кейін сараптама процесі толық автоматтандырылады, бұл сараптама процесін жеңілдетіп, сарапшы назарының тек оқулық мазмұнында болуына мүмкіндік береді.