Нұртөре Жүсіп «жаңа формацияның» мемлекеттік қызметшілерін даярлаудың маңызы туралы айтты
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 30 жылдығын мерекелеу аясында осында оқитын тыңдаушылардың алдында дәріс оқыды, деп хабарлады Elorda.info.
Сенатор мемлекеттік реформаларды жүзеге асыруда ұлттық бірлік пен ынтымақтың маңызы туралы айтты және мемлекеттік қызметшілердің еліміздің дамуына қосқан зор үлесін атап өтті.
«Мемлекеттік басқару жүйесінің алдында маңызды міндет тұр – ол «жаңа формацияның» келешегі зор мемлекеттік қызметшісін табу. Қазіргі кезде мемлекеттік қызметшілердің жұмысындағы тәсілдер трансформацияны бастан кешуде, оның ішінде цифрландыру, келушіге бағдарлану және бизнес саласының қазіргі заманғы құралдарын пайдалану да бар. Басты қағида – азаматтарға және олардың сұранысына назар аудару болып отыр. Адамдармен жұмыс істеуде келушіге бағдарлану стандартқа айнала ма, жоқ па, бұл дағдылардың жұмыста қалай қолданылатынына байланысты», - деді Нұртөре Жүсіп.
Депутат сонымен қатар Парламент Сенатының жұмысы туралы және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуды көздейтін заңдар мен өтіп жатқан шаралар туралы айтып берді.
Шараға қатысушылар мемлекеттік басқарудың жоғары білікті кадрларын даярлау мәселелерін де талқылады.