00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі

24 сәуір, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі
ашық дереккөз

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 24 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің болжамына қарағанда, жел күшейіп, тұман түседі. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады, деп хабарлады Elorda.info.

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуі әсерінен жаңбыр жауады, солтүстікте, шығыста, оңтүстікте найзағай ойнайды. Қазақстан бойынша жел күшейіп, батыста, солтүстікте тұман, ал оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады. 

Астанада соғатын жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с болады.

Ақмола облысының батысында найзағай, тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, шығысында тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында шаңды дауыл болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жел соғады.