00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қай өңірлерде газ бен мұнай өндіріледі?

20 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қай өңірлерде газ бен мұнай өндіріледі?
коллаж Elorda.info

Қазақстанда 90,5 млн тонна мұнай өндіру жоспарлануда, алайда кейбір өңірлерде өндіріс деңгейі төмендейді, деп хабарлады Elorda.info LS-ке сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, 2023 жылы болжамды мұнай өндіру 90,5 млн тоннаны құрайды. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 7%-ға жоғары.

Бұл ретте Батыс Қазақстан облысында – 9%-ға, Маңғыстау облысында – 7%-ға, Атырау облысында – 9%-ға өсу күтілуде.

Болжам бойынша, өндіріс екі өңірде төмендейді: Қызылорда облысында – 3%-ға, Ақтөбе облысында – 2%.

Газ өндіруге келетін болсақ, ағымдағы жылы өндіріс 53,5 млрд текше метрді құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1%-ға жоғары.

Бұл ретте ең көп үлес Атырау облысына – 44% және Батыс Қазақстан облысына – 39% тиесілі.

Бұдан басқа, газ бен мұнай Ақтөбе облысында 10%, Маңғыстау облысында 5%, Қызылорда облысында 1,3%, Жамбыл облысында 0,6%, Шығыс Қазақстан облысында 0,1% өндіріледі.