Ұлттық парк аумағында сирек кездестін жануарлар фототұзаққа ілікті (ВИДЕО)


«Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орнатылған фототұзақтарға сирек кездесетін жабайы жануарлар – Түркістан сілеусіні, Үнді жайрасы, қасқыр және Сібір елігі түсіп қалды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл кадрлар Қазақстанның оңтүстігінде мекендейтін жануарлар әлемінің алуан түрлілігін тағы бір мәрте дәлелдейді.
Ұлттық парк қызметкерлерінің айтуынша, фототұзақтар тек жануарларды бейнежазбаға түсіріп қана қоймай, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де көмектеседі. Қыс мезгілінде биотехникалық іс-шаралар күшейтіліп, жабайы аңдарға жем-шөп қоры дайындалды.
Айта кету керек, «Сайрам-Өгем» МҰТП аумағында барлық аңшылық түріне қатаң тыйым салынған. Жануарлар популяциясын сақтау мақсатында тұрақты түрде табиғат қорғау шаралары жүргізілуде.



