00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Су тасқыны: Мемлекеттік резервтен азық-түлік бөлінді

15 сәуір, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Су тасқыны: Мемлекеттік резервтен азық-түлік бөлінді
фото: Оңалхан Онерхан

ТЖМ бұйрығына сәйкес мемлекеттік материалдық резервтен Атырау облысының Құлсары қаласынан эвакуацияланған азаматтарды азық-түлікпен қамтамасыз етуге арналған 264 тонна азық-түлік броньнан шығарылды, деп хабарлады Elorda.info.

Сондай-ақ, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында су тасқынын жоюға жұмылдырылған 7 мың әскери қызметші үшін 92 тонна азық-түлік броньнан шығарылды.

ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің мәліметінше, бұған дейін Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарының қажеттіліктері үшін су тасқынымен күресуге мемлекеттік материалдық резервтен арнайы және инженерлік техникалар, төсек-орын жабдықтары, мотопомпалар, далалық асүйлер және т. б. қажетті заттар броньнан шығарылған болатын.