00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Мемлекетті басқару ісі жастардың қолына өтеді – Тоқаев

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мемлекетті басқару ісі жастардың қолына өтеді – Тоқаев
Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Президенттік жастар кадр резервінің мүшелерімен кездескенін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Мен жуырда Президенттік жастар кадр резервінің мүшелерімен арнайы кездестім. Сонда айтқан ойымды еліміздің барша жастарына тағы да қайталағым келеді. Қазақстанның болашағы – сіздердің қолдарыңызда. Көп ұзамай мемлекетті басқару ісі, яғни ел тізгіні бүгінгі жастардың қолына өтеді. Сіздер осы жауапкершілікті қазірден бастап сезінулеріңіз қажет. Өздеріңізге жүктелетін тарихи миссияны орындауға қашанда дайын болуларыңыз керек, - деді Мемлекет басшысы.

Президент озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға ұмтылу қажеттігін айтты. 

Біз жасампаз халық болуымыз қажет. Оған әлеуетіміз толық жетеді. Сан ғасырлық тарихында қазақ мемлекеттігінің құрылымы талай рет өзгерді. Бірақ елдігіміздің тұғыры қашанда – берік, ұлтымыздың рухы – әрдайым асқақ. Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға ұмтылуымыз керек. Өнімді еңбек етіп, сапалы білім алып, ортақ мақсатқа жұмыла білуіміз қажет. Сонда болашағы жарқын, қуатты мемлекетті бірге құрамыз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.