Маусымнан бастап Вьетнамға әуе рейстерінің саны артады

5 маусым, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Маусымнан бастап Вьетнамға әуе рейстерінің саны артады
Фото: Pixabay

ҚР КМ Азаматтық авиация комитеті тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы маршрут бойынша рейстер санын ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ағымдағы жылдың 4 маусымынан бастап «Эйр Астана» әуе компаниясы Алматы – Дананг (Вьетнам) бағыты бойынша рейстерді орындай бастады. Рейстер «Айрбас-А321LR» үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рет (сәрсенбі және сенбі күндері) жиілікпен орындалатын болады.

«Осылайша, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы жолаушылар рейстерінің саны 3 әуе компанияның төрт маршруты бойынша аптасына 29-ға дейін ұлғаяды», - делінген хабарламада.

Вьетнамға рейстер санының артуы екі ел арасындағы туристік, сауда-экономикалық және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.