Майра Мұхамедқызы ҚХР төрағасының алдында ән шырқады
Көпке танымал опера әншісі ШЫҰ саммитіне қатысушы ел президенттерінің алдында ән шырқады, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл іс-шарада әнші Димаш Құдайберген де өнер қатысты.
Елордада өтіп жатқан ШЫҰ саммиті — бүкіл әлем назарында. Мен үшін бұл іс-шарада өнер көрсету Отан алдындағы үлкен борышым деп білем. Ел намысын қорғау—бұл мақтаныш та, үлкен жауапкершілік те.Кеше Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин мен президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының алдында ән салдым. Осымен үшінші рет Си Цзиньпин мырзаның алдында ән орындадым. Ән демекші, ән көп. Бірақ, жүрекке жететін ән таңдап әрі жеткізіп айту ол бөлек! Кешегі мен орындаған ән қытай ақыны Лу Ю мен Таң Ван ның махаббат мұңы. Тарихи көне тілмен жазылған классикалық романс сол жерде отырған ешкімді бей-жәй қалдырмады. Екінші әнім де Қытайдың нағыз философияға толы, ғасыр махаббат дастаны. Қазақша айтқанда, өмір-өзенді сипаттайды. Ал кешкі 16 президент алдында салған ән – қытайдың 100 үздік әндерінің көш басы болған ұранды шығарма, - деді Майра Мұхамедқызы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.