«Майқайыңалтын»: Инвесторлар руда орнын топырақпен толтырмай, бетін жауып кете берген
«Майқайыңалтын»: Инвесторлар руда орнын топырақпен толтырмай, бетін жауып кете берген
Рудаларды алғаннан кейін, әрине, бос орындар қалады. Бірақ ол бос орындарды толтыру керек. Майқайыңда бос орынды бітеу деген ұғым бар. Сонымен толтыру керек болған. Бірақ та ол жерде жобаға өзгеріс енгізіп, толтыратынын алып тастаған. Сондықтан бос орын қалды, - деді ҚР ТЖМ Өнеркәсіп қауіпсіздігі комитеті төрағасының орынбасары Мұса Танабаев.
Төтеншеліктердің ендігі бас қатырып отырғаны — 30 жылдан бері күндіз-түні қазылған кен орындарындағы апаттың алдын алу. Іші қуыс қалған кен орындары қазір жіпке тізілуде. Ал «Майқайыңалтын» аумағында шұңқырға құлаған екі адамның мәйітін іздестіру 30 наурызда жалғасуы мүмкін.
Тау жынысының құлау қаупін енді сараптама қорытындысы көрсетуге тиіс. Әзірге алғашқы сканерлеу нәтижесі құлаған автобустың тағы да жеті метр тереңдікке сырғығанын анықтаған. Құтқару жұмыстарына шетелдік мамандардың тартылмайтынын төтенше жағдайлар министрігі бүгін ашып айтты.
Негізгі жұмыс экскаватор шұңқыр қазады. Машинаға тиеп шығарады. Бұл жерде қандай шет елден күш керек? Қарапайым жұмыс қана, - деді ҚР ТЖМ Өнеркәсіп қауіпсіздігі комитеті төрағасының орынбасары Мұса Танабаев.