Төтеншеліктер мұздағы қауіпсіздікті сақтауға байланысты іс-шаралар жүргізіп жатыр

Фото: freepik
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «МҰЗ – 2024» республикалық акциясы аясында қала аумағында 130-дан астам профилактикалық-рейдтік іс-шаралар жүргізіп, халыққа 13 мыңнан астам ақпараттық парақша таратты, деп хабарлады Elordainfo.kz 112 KZ-ке сілтеме жасап.
«Іс-шаралар барысында су айдындарындағы, әсіресе, балық аулау кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, мұздағы қауіпсіздікті сақтау мақсатында төтеншеліктер күн сайын су айдындарында кезекшілік атқарады.
Төтенше жағдайлар министрлігі жұқа мұз үстінде жүру өміріңізге қауіпті болуы мүмкін екендігін еске салады.
Ұқсас жаңалықтар

17 қыркүйек, 2025
Қазақстанның ұны АҚШ нарығына шықты

17 қыркүйек, 2025
Ерікті автосақтандыру: қазақстандықтарға КАСКО бойынша қанша төленді

16 қыркүйек, 2025
Ауыл шаруашылығы министрлігі Алматыдағы 120 гектарлық инновациялық бақтың жұмысымен таныстырды

16 қыркүйек, 2025
Еуропа елдеріне кіріп-шығу ережелері өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек