00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ұландықтар жоғалған баланы анасына қайтарды

1 маусым, 2024
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Ұландықтар жоғалған баланы анасына қайтарды
Фото: ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Шымкентте қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде жоғалған төрт жасар қызды тауып, оны анасына тапсырды, деп хабарлады Elorda.infoБұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Оқиға кешкі сағат 20.30 шамасында болды. Әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Әлібек Абатов патрульдік қатардағы жауынгерлер Жахангир Жарылқап және Ғалымжан Ақперханмен бірге өздеріне бекітілген аумақта қаланың қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде жалғыз өзі жүрген кішкентай қызды байқап қалады, - деп жазылған хабарламада.

«Отбасы аллеясы» аймағында біз кішкентай қызды байқадық. Оның жанында ересектер болған жоқ. Оған жақындаған кезде біз баланың адасып кеткенін білдік. Біз оны тыныштандырып, дереу аудандық полиция бөліміне апардық. Біраз уақыттан кейін баланың анасы жоғалып кеткені туралы арызбен келді, - деп түсіндірді әскери жасақ бастығы, қатардағы жауынгер Әлібек Абатов.

Ұландықтар баланы анасына табыстады. Өз кезегінде, әйел осындай қырағы әрекеттері үшін әскери жасақ құрамына үлкен алғысын білдірді.