Қытайда өткен ілеспе аудармашылар байқауында қазақстандық студент үздік атанды
Қазақстандық Ақерке Асылбекова Қытайдағы Шанхай шет тілдері университеті (Shanghai International Studies University) өткізген алтыншы көптілді ілеспе аудармашылар байқауында бірінші орынды жеңіп алды. Бұл туралы Elorda.info «ҚазАқпарат»-қа сілтеме жасап.
Жалпы, байқау қорытындысында 8 үміткер 1-орын жүлдесін жеңіп алды. Сегіз чемпионның бірі – Астанадан барған студент Ақерке Асылбекова қытайша-орысша аударма және қытай-ағылшынша ілеспе аударма байқауларында тамаша шеберлік көрсетті. Ол – Шанхай шет тілдер университетінің көптілді ілеспе аударма байқауы құрылғаннан бері алғаш рет чемпион атанған шетелдік студент.
Ақерке 2017 жылы Шанхайдағы Фудань университеті бакалаврына грант ұтып алып, оқуға түскен. 2021 жылы дипломын қорғап шығып, Астанадағы ХҚО жұмыс істеп, 2022 жылы Шанхай қаласындағы Шет тілдер университетінің қытай-орыс-ағылшын тілдері аудармашысы мамандығына магистратураға түседі. Қазір соңғы курста оқып жүр.
Айта кетсек, байқауға бірнеше елдің 72 университетінен 654 үміткер қатысты. Оның ішінде 128 қатысушы финалға өтті. Конкурс ережелері Біріккен Ұлттар Ұйымының және басқа да халықаралық ұйымдардың ілеспе аударма ережелеріне сәйкес 9 тілде, атап айтқанда араб, француз, неміс, жапон, корей, орыс, испан, ағылшын және қытай тілдерінде ілеспе аударманы қамтиды.
Финалда қатысушылар белгіленген мерзімде алдымен шет тіліндегі мәтінді қытай тіліне, содан кейін қалған екі сайыскер аударған қытай тіліндегі мәтінді шет тілге аударуы қажет болды. Бұл релелік аударма әдісі әдетте халықаралық ұйымдарда қолданылады. Байқауда қатысушылардың аудармашылық қабілеті тексеріліп қана қоймай, сонымен қатар психологиялық күйі және физикалық күшін сынайтын нақты аударма сценариі имитацияланды.
Байқауды Халықаралық университеттер аударма институттары конфедерациясы (CIUTI) мен Қытай Аудармашылар қауымдастығының аударма комитеті (TAC) бірлесіп ұйымдастырады. Қазылар алқасында БҰҰ Женевадағы кеңсесі Конференцияларды басқару бөлімінің директоры Рима Аль-Чих (Rima Al-Cheeh), Халықаралық аударма институттары кеңесінің (CIUTI) президенті Барт ДеФранк (Bart Defrank) және басқа да халықаралық ұйымдардың басшылары болды және олар жеңімпаздарға сертификаттар мен сыйлықтарды табыс етті.