Көкшетауда қаржы пирамидасын құрған азамат 6 жылға сотталды
22 мамыр, 2024
Елорда ақпарат
Фото: МВД РК
Көкшетауда «Chia Tai Tianging» қаржы пирамидасын құрған және басқарған қала тұрғынына қатысты үкім шықты, деп хабарлады Elorda.info.
Көкшетау қаласының тұрғыны жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция саламыз деген сылтаумен жеке тұлғалардан ақша тарту мақсатында «Chia Tai Tianging» қаржы пирамидасын құрған.
Қаржы пирамидасына салымшылардан 291 миллион теңгеден астам қаржы тартылды. Олар криптовалютаға аударылған және «Платформа CP Group» платформасына есептелген.
«Сот үкімімен «Н» кінәлі деп танылды және мүлкі тәркіленіп, 5 жыл мерзімге азаматтардың қаражаты мен инвестицияларын тартуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», - деді Ақмола облысының прокуратурасы.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Запасқа шығарылған ұландықтарға құрмет көрсетілді
22 қараша, 2024
Қазақстан туризм саласындағы жетістіктері мен жоспарларын таныстырды
22 қараша, 2024
«Жылдың үздік қоғам белсендісі» республикалық байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
22 қараша, 2024
Республикалық маңызы бар жолдарда жаңа индекстер бекітілді