Қазақстандық оқушылар математикадан Балқан олимпиадасына қатысады
Қазақстандық оқушылар JBMO-2024 математикадан Халықаралық жасөспірімдер Балқан олимпиадасына қатысады. Биыл олимпиада 25-30 маусым аралығында Анталья қаласында өтеді, деп хабарлады Elorda.info.
Еліміздің ұлттық командасында алты жас математик бар, олардың барлығы 2024 жылғы республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері.
Әли Еркебұланұлы – Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы;
Бердібек Орынбасар – Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
Арнұр Ансатов – Қызылорда облыстық №9 дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
Сұлтанәли Алиасқар – Астана қаласындағы дарынды ұлдарға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы;
Асқар Мұхтарұлы – Қызылорда облыстық №9 дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
Эрик Лим – Алматы қаласындағы республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы.
Айта кетейік, математикадан Халықаралық жасөспірімдер Балқан олимпиадасы (JBMO) – Балқан түбегі елдерінің оқушыларына арналған байқау. Қазақстан олимпиадаға қонақ ел ретінде қатысады.