00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда жалпы сомасы 55 млн теңге жалған ақша тәркіленді

18 маусым, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Қазақстанда жалпы сомасы 55 млн теңге жалған ақша тәркіленді
О

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, елімізде жалпы сомасы 55 млн теңгеден асатын жалған ақша тәркіленді, деп хабарлады Elorda.info.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2024 жылдың басынан бері ел аумағында 13 жалған ақша жасау фактісі тіркелген. Өткен жылы – 45, ал 2022 жылы – 44 қылмыстық іс тіркелген.

«2023 жылы және 2024 жылдың басынан бері Қазақстан аумағында айналымнан 1 763 жалған банкнот тәркіленді, оның ішінде ұлттық валютада 1 378 200 теңге сомасына 384 купюра, АҚШ долларында сомасы 120 050 АҚШ долларына 1 342 купюра, еурода сомасы 17 500 еуроға 35 купюра, ресей рублімен - 10 000 рубль сомасына 2 купюра анықталды. Тәркіленген жалған банкноттардың жалпы сомасы 55 млн теңгеден асады», - делінген хабарламада.