00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қасым-Жомарт Тоқаев су басқан аумақтарды тікұшақпен аралады

Қасым-Жомарт Тоқаев су басқан аумақтарды тікұшақпен аралады
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары қарғын су басқан аумақтарды тікұшақпен аралап көруден басталды, деп хабарлады Elorda.info Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Теректі, Сырым және Қаратөбе аудандарындағы қалыптасқан жағдаймен танысты.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Президентке бүгінде 6 аудан мен Орал қаласын су басқанын баяндады.

Қарғын су 552 тұрғын үйге, 427 саяжай теліміне зиян келтірген.

Өңір басшысының айтуынша, су тасқынына қарсы шараларға 1 911 адам, 332 техника, 101 мотопомпа, 1 тікұшақ жұмылдырылған.

Сонымен қатар құтқару жұмыстарына Алматы және Маңғыстау облыстарының құтқарушылары атсалысып жатыр. Қарғын су басқан аумақтардан 7 мыңға жуық тұрғын көшірілген, жедел-эвакуациялау пункттері құрылған.

Зардап шеккендерге біржолғы материалдық көмек көрсету үшін жергілікті бюджет есебінен 63 миллион теңге қаржы бөлінді. Су айдау, нысандардың жан-жағын топырақпен қоршау және су жүретін құбырларды кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр.