Қайрат Сатыбалдыұлы мемлекетке тағы 50 млрд теңге қайтарады
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
Қ.Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық істі қарау кезінде прокурордың өтініші бойынша заңсыз сатып алынған активтерді қайтару жөніндегі рәсімдерді орындау үшін қосымша мерзім беру туралы шешім қабылданды. Сотталушының 50 млрд теңгеден асатын қосымша мүліктік активтерін мемлекет пайдасына қайтару мәселесі қаралып жатыр.
Бұған дейін Антикор сотталушы мен онымен байланысты тұлғалардың 732 млрд теңгеден астам мүліктік активтері мен ақшалай қаражатын мемлекетке (әкімшілік ғимараттар, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, люкс үйлер, пәтерлер мен автокөліктер, компаниялардағы акциялар мен қатысу үлестері, теміржол жолдары мен ақшалай қаражат, шетелдік мүліктерімен қоса) қайтарды.
Айта кетейік, осы тұлғаға қатысты салық төлеуден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден жалтару фактісі бойынша тергеу жалғасуда.