ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Дархан Ділманов 4 жылға сотталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Дархан Ділманов бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Elorda.info.
ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары - Шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов пен басқа да лауазымды тұлғаларға билікті асыра пайдаланды және ірі мөлшерде пара алды деген айып тағылды.
Алматы гарнизонының әскери сотының мәлімдеуінше, сот үкімімен Қылмыстық кодекстің 450-бабы 2-бөлігі бойынша мүлкі тәркіленіп, 4 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.
Сонымен қатар ол «генерал-лейтенант» әскери атағынан, ІІ дәрежелі «Айбын»мемлекеттік наградасынан және «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері» құрметті атағынан айырылды. Әрі өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.