00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Күйеуім екеуімізді ажырастырып қойған – Ерке Есмахан

21 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Күйеуім екеуімізді ажырастырып қойған – Ерке Есмахан
коллаж Elorda.info

Әнші Ерке Есмахан соңғы 5 күн әлеуметтік желіге кірмеген. Сондықтан желі қолданушылары Ерке мен Раймды ажырастырып тастады. Осыған қатысты әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info.

 

5-ақ күн инстаграммда болмаған едім. Күйеуім екеуімізді ажырастырып тастағансыздар. Құдай сақтасын, - деді әнші.

Сондай-ақ әнші осыған қатысты  туыс-туғандардың алаңдап, мән-жайды білу үшін жан-жақтан хабарласқанын айтты.

 

Туысқандар, достар хабарласып, «Бәрі жақсы ма?» деп сұрап жатыр. Негізі қызық. Сондай жаңалықтармен өміріміз одан сайын қызықты, - деп жазды ол өзінің Instagram парақшасында.