ҰҚК ірі көлемде есірткі сатпақ болған қазақстандықтарды қолға түсірді

фото: ҚР ҰҚК
ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткіні аса ірі көлемде тасымалдады және сатты деген күдікпен екі есірткі тобын қолға түсірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, Рысқұлов және Меркі аудандарында 14 кг-дан астам гашиш пен 42 кг марихуананы сатуға әрекеттенген екі қазақстандық ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.
Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Ұқсас жаңалықтар

17 қыркүйек, 2025
Қазақстанның ұны АҚШ нарығына шықты

17 қыркүйек, 2025
Ерікті автосақтандыру: қазақстандықтарға КАСКО бойынша қанша төленді

16 қыркүйек, 2025
Ауыл шаруашылығы министрлігі Алматыдағы 120 гектарлық инновациялық бақтың жұмысымен таныстырды

16 қыркүйек, 2025
Еуропа елдеріне кіріп-шығу ережелері өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек