00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

ҰҚК есірткі қылмысына қатысы бар 27 адамды ұстады

30 қараша, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ҰҚК есірткі қылмысына қатысы бар 27 адамды ұстады
Фото: Elordainfo.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткінің заңсыз айналымына қарсы 18 операция жүргізді, деп хабарлады Elorda.info. 

Қорытындысы бойынша есірткі қылмыстарына қатысы бар деп күдіктелген топтардың 27 қатысушылары ұсталды.

Халықаралық ынтымақтастық аясында Қырғыз Республикасының арнайы қызметтерімен бірлесіп, Алматы қаласынан Бішкек қаласына 10 кг мефедронның контрабанда арнасы жойылды. 

«Алматы өңірінде психотроптық заттарды өндіру бойынша 2 ірі жасырын зертхананың және елордада кокаин сататын 1 топ анықталды. Сонымен қатар, Павлодар және Семей қалаларында есірткіні жеткізумен айналысатын өңірлік арна жойылып, құрамында есірткі заттары бар 500 гашиш майы капсуласы мен вейп-темекілер табылды», - деді ҰҚК баспасөз қызметі.

Заңсыз айналымнан «синтетика» өндіруге арналған 150 кг астам есірткі және 150 кг химиялық прекурсорлар тәркіленді.

Есірткі бизнесіне қарсы іс-шаралар жалғасуда.