00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

JOSHY ULYSY. 800 JYL коллекциялық монеталары айналысқа шығады

10 қыркүйек, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
JOSHY ULYSY. 800 JYL коллекциялық монеталары айналысқа шығады
фото: nationalbank.kz

Қазақстан Ұлттық Банкі «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан JOSHY ULYSY. 800 JYL коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Монеталардың дизайнында Жошы хан ескерткішінің бейнесі пайдаланылған. Оның авторы –Қазақстанның белгілі мүсіншісі, монументалист-суретші Ғазиз Ешкенов. Сырт жағында Алтын Орда дәуіріндегі монеталардан коллаж орналасқан. Монеталардың номиналы 5 мың, 2 мың, 1 мың және 200 теңге.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Монеталардың қай күні сатуға шығарылатыны туралы ақпарат ҚҰБ-тың ресми сайтында қосымша жарияланады.