00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ішкі істер органдары халыққа 105 қызмет түрін көрсетеді

Ішкі істер органдары халыққа 105 қызмет түрін көрсетеді
Фото: qazaqstan.tv

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Жыл басынан бері азаматтарға 5 млн-ға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет алуға күніне орта есеппен 40 мыңдай азамат жүгінеді. Ең көп сұранысқа ие қызметтер: төлқұжаттар мен жеке куәліктер, жүргізуші куәлігін беру; көлік құралдарын тіркеу; азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу. Мысалы, жыл сайын көлік құралдарын тіркеу мәселесі бойынша 2,5 миллионнан астам азамат, ал жүргізуші куәлігін алуға 1 миллионнан астам адам жүгінеді. Құжаттарды рәсімдеу немесе оларды ауыстыру үшін шамамен 2,5 млн азамат жүгінсе, 2 млн-ға жуық адам тұрғылықты жері бойынша тіркеу мәселесімен келеді, - деді спикер.

Ресми өкілдің айтуынша, азаматтығы жоқ адамдарға куәлік беру және біздің елде тұрақты тұратын шетелдіктерге тұруға ықтиярхат беру мерзімі екі аптаға қысқартылды (30-дан 17 тәулікке дейін). Сондай-ақ қабылдаушы тұлғалардың Қазақстан Республикасының визаларын беру жөніндегі шақыруларын қабылдау және келісу 9 күнге қысқартылды (14-тен 3 тәулікке дейін).

ІІМ мемлекеттік қызметтерді смартфондарға енгізе бастады. Бүгінгі таңда телефондарға ең көп сұранысқа ие 8 мемлекеттік қызмет қосылды. Олар eGov mobile платформасында, сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында қолжетімді. Бұл: автокөлікті тіркеу және қайта жабдықтау; жүргізуші куәлігін беру; тұрғылықты жері бойынша тіркеу және тіркеуден шығару; шекаралас аумақтардың тұрғындары үшін мекенжайды растау; елде тұрақты тұруға және шетелдіктерге уақытша тұруға құжат рәсімдеу, - деді Ш.Алекешев.

Айта кетейік, жыл басынан бері мобильді қосымшалар арқылы азаматтар 1 млн-нан қызмет алған.