«Хейт болды»: Диана Скатова «Қалаулым» бағдарламасы туралы айтты

17 сәуір, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
«Хейт болды»: Диана Скатова «Қалаулым» бағдарламасы туралы айтты
фото: instagram.com/skatovaadiana/

Тележүргізуші Диана Скатова Айнұр Ілиясованың «Мамский әңгіме» бағдарламасында «Қалаулым» жобасына қалай тап болғанын айтып берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Диана Скатова аталған жобаға ұсынысты достары білдіргенін айтты.

«Студент болып жүрген кезде журналистика факультетінде оқып жүрген екі досым болды. Олар «Қалаулым» бағдарламасында редактор болып жүрді. Бір күні маған хабарласып, «Дина, мына жақта қазақша еркін сөйлетін блогер керек. Кел, біз сен туралы айттық» деп айтты. Мен сол кезде «Мен блогер емеспін ғой» деп айттым. Оқырмандарымның саны шамамен 10 мың болды. Мен ол кезде бұл жобаны мүлде көрмеймін. Содан барып, кастинг сияқты болды. Сұрақтарға жауап беріп, өз ойымды айттым. Бір-екі күн өткен соң достарым хабарласып мені жобаға қабылдағандарын айтты. Содан әр апта сайын, жұма күні «Қалаулым күнделігі» деген айдарда біз сарапшылар ретінде отырып, өзіміздің пікірімізді айтып отырдық. Одан кейін мен сол жобада қалып қойдым, яғни редактор ретінде ішкі жұмыстарға атсалыстым»,- деді тележүргізуші.

Диана Скатова  сұхбат барысында қалай бағдарлама жүргізушісі болғанын айтып берді.

«Жоба екіге бөлінген соң бұл жерде редактор ретінде қалғым келмейтіні туралы шешім қабылдадым. Сол кезде режиссер Асыл ханымға айтқан кезде, маған ренжіді. Өйткені ол барлық редакторларды баласы сияқты көретін. Содан жобадан шығып кеттім. Біраз уақыт өткен соң екінші жоба туралы естіп, редактор болып бардым. Ол кезде Аша Матай жүргізуші болды. Кейін ол декреттік демалысқа кеткен соң мен бірден жүргізуші болған жоқпын. Тағы да кастинг жарияланып, 3-4 үміткер келді. Бірақ басшылыққа ұнамаған соң, маған жүргізуші болуға ұсыныс түсті. Әрине қуандым, бірақ қобалжу басым болды. Отбасылы әйел болмаған соң көрермен тарапынан хейт болатынын сездім. Дегенмен ұсынысты қабыл алдым»,- деді ол.

Бірақ тележүргізуші көрермен тарапынан хейтке ұшырағынын жасырмады.

«Басында «Ашаны қайтарыңыздар», «Ашаға жетпейді» деген өте көп теріс пікірлер болды. 1-2 ай өткен соң үйрене бастадым. Көреремендерден қолдау тауып, өзімді суда жүзген балықтай сезіндім. Ол кезде іссапар, еңбек демалысы деген жоқ, күнде эфирде болдым. Осылай 4 жыл бағдарламаны жүргізіппін ғой»,- деді журналист.

Диана Скатова жобадан кету себебін де түсіндірді.

«Мен шаршап қалдым. Күнделікті тікелей эфир өте қиын. Бұл туралы басшылыққа айтып, ол кісілерді ренжітіп алдым. Өзіме де қиын болды. Бәріне үйреніп қалдым. Бірақ алға жылу керек болды. Барлығы әдемі және сәтті кезде кеткен дұрыс болды деп ойлаймын. Өзім бұл жобадан көп нәрсе алдым. Өте жақсы қолдауға ие болдым»,- деді тележүргізуші.