00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Халықаралық іздеу жарияланған қазақстандық Грузиядан экстрадицияланды

11 шілде, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Халықаралық іздеу жарияланған қазақстандық Грузиядан экстрадицияланды
коллаж Еlordaqparat

Бүгін Бас прокуратура мен ҚР ІІМ Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Грузиядан сот үкімін орындау үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлады Elorda.info.

2020 жылы ол Шымкент қаласында күш қолдану арқылы бойжеткенді зорламақ болған. Жәбірленуші белсенді қарсылық көрсетіп, қылмыскердің қолынан қашып құтылғандықтан, ол өз әрекетін аяғына дейін жеткізе алмаған.

«Сот аталған тұлғаны кінәлі деп таныған, алайда сотталған үкімді жариялауына қатыспай, жасырынып, тағайындалған жазаны өтеуден жалтарған. Соған байланысты ол халықаралық іздестіруге жарияланды. 2023 жылғы қазанда сотталушы Грузия аумағында ұсталды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша грузиялықтарап оны экстрадициялау туралы шешім қабылдады», - делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.