00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Халықаралық іздеуде болған 3 адам сотталды

6 қыркүйек, 2024
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Халықаралық іздеуде болған 3 адам сотталды
Фото: t.me/GenPr

2023 жылдың қаңтар айынан бастап бүгінгі күнге дейін елордада қылмыстық құқықбұзушылық жасаған 8 қылмыскер экстрадицияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда экстрадицияланғандардың үшеуі сотталды.

«Telegram» қосымшасын пайдалану арқылы «мефедрон» психотроптық затын ірі көлемде заңсыз сатқаны үшін іздеудегі қылмыскер 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол 2 жыл бойы іздеуде болған. Екінші айыпталушы қаржылық пирамида құрып, оған азаматтардан заңсыз үлестік жарналар алғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Келтірілген шығын 85 млн теңгеден астам. Үшінші қылмыскер аса ірі мөлшерде бөтен мүлiктi талан-таражға салғаны үшін 7 жылға сотталды», - деп жазылған хабарламада.

Елорда прокуратурасы халықаралық-құқықтық ынтымақтастық саласында құқық қорғау және мемлекеттік органдарды тұрақты негізде үйлестіреді.