00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Есірткі таратқан шетелдік азамат 10 жылға сотталды

29 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Есірткі таратқан шетелдік азамат 10 жылға сотталды
фото: www.gov.kz

Синтетикалық есірткі таратумен айналысқан Өзбекстан азаматы бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Elorda.info Көліктегі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Ақтөбе станциясында ұстаған.  Оны тінту барысында 4,88 грамм «мефедрон» есірткі заты салынған 11 бумасы табылды. 

Көлік полицейлерінің мәліметінше, ол Telegram-чаттағы топ басшысынан есірткі заттары жасырылған жердің координаттарын біліп, әрі қарай таратумен айналысқан. 

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабы бойынша жүргізілді. Сот үкімімен Өзбекстан Республикасының азаматы қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.