Енді жол сапасын халық бақылайды
Жобаның мақсаты – Қазақстанның әрбір азаматын салынып жатқан республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша қоғамдық бақылауға шақыру, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл туралы Көлік министрлігініңі баспасөз қызметі мәлімдеді.
Көлік министрлігі мен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ бастамасымен республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының сапасын тексеру бойынша кең ауқымды «Халықтық бақылау» жобасы іске қосылды. Бұл жоба қоғамның еліміздегі жол нысандарының сапасын арттыруға белсенді қатысуға бағытталған, - делінген хабарламада.
Көлік министрлігі өз кезегінде анықталған кемшіліктер мен мәселелерге ден қойып, оны қысқа мерзімде шешуді қамтамасыз етеді.
Жобаға қатысу үшін тұғын 1403 байланыс орталығына хабарласып, өтінім қалдыру керек. Тіркеу кезінде аты-жөнін, байланыс нөмірін, сондай-ақ тұратын елді мекен мен облысты көрсету қажет.
Нысандарды аралау кестесімен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ www.qaj.kz ресми сайтында танысуға болады.
«Халықтық бақылау» жобасы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын барлық жол қозғалысына қатысушы үшін қауіпсіз әрі сапалы етуге арналған.