00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық мектептерде оқу жылының аяқталуына орай сынып сағаты өтті

Елордалық мектептерде оқу жылының аяқталуына орай сынып сағаты өтті
Фото: Қалалық Білім басқармасынан

Бүгін Астанадағы барлық мектептерде «Білімім – Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Оқу жылының аяқталуына орай ұйымдастырылған сынып сағатына оқушылар, ұстаздар қауымы мен ата-аналар қатысты. Астана қаласы Білім басқармасының Жалпы орта білім берудің мазмұны мен әдістеме бөлімінің басшысы Асыл Аманкельдиева Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясында өткен сынып сағатына арнайы келіп, білім саласы мамандары мен оқушыларды құттықтады.

Бұл –1 және 10 сынып оқушыларына арналған шара. Сынып сағаты 9.00-де Мемлекеттік Әнұранмен басталды. Одан кейін білім алушылар Оқу-ағарту министрінің жолдаған құттықтау сөзін тыңдады. Бүгінгі іс-шара ата-аналардың қатысуымен ерекше форматта өтті. Мұнда сынып жетекшілері оқушылармен және ата-аналармен бірлесіп оқу жылын қорытындылады. Тәрбие сағатында білім алушылардың білім нәтижесі, сондай-ақ білім, өнер,  спорт салаларында жеткен жетістіктері айтылды. Жалпы бүгінгі және ертеңгі күн – мектеп оқушылары үшін ерекше күн, - деді Асыл Аманкельдиева.

Айта кетейік, биыл елордалық мектептерде 260 мыңға жуық бала білім алды. Олардың ішінде 11 сыныпты 11 230 түлек аяқтаса, 1 сыныпты 28 556 бала, 9 сыныпты 19 952 оқушы тәмамдайды. Ал Алтын белгіге – 294 оқушы үміткер, үздік аттестатқа – 717 оқушы үміткер.