Елордада негізсіз жұмсалған бес жүз млн теңгеден астам бюджет қаражаты қайтарылды
8 қараша, 2024


Фото: https://t.me/GenPr
Елорданың аудандық сотының үкімімен ветеринариялық бақылау және қадағалау саласындағы уәкілетті органдардың бұрынғы қызметкерлері мемлекеттік сатып алу саласындағы заңсыз әрекеттері үшін сотталған, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.
Аталған тұлғалардың қылмыстық әрекеттері салдарынан мемлекетке 526 млн теңгеден астам шығын келтірілген.
Елорда прокуратурасы негізсіз жұмсалған бюджет қаражатын қайтару жөнінде сотқа азаматтық талап арыз берді.
Сот шешімімен қала прокурорының талабы қанағаттандырылып, жауапкерлерден келтірілген шығын сомасы толық көлемде өндірілді.
Сот актісі заңды күшіне енді.
Ұқсас жаңалықтар

12 шілде, 2025
Ұлттық ұланның 450 сарбазы салтанатты түрде әскери ант қабылдады

11 шілде, 2025
Елде халықаралық жүргізуші куәліктері берілмейді

11 шілде, 2025
Биыл 30 жас қазақстандыққа «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты табысталады

11 шілде, 2025
Ұлттық ұлан қызметшілері жарты жылда 10 мыңға жуық құқық бұзушыны ұстады