00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада Қазақстан полициясы күніне орай мерекелік концерт өтті

24 маусым, 2024
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Астанада Қазақстан полициясы күніне орай мерекелік концерт өтті
Фото: ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Астананың Орталық саябағында Есіл өзенінің жағасында орналасқан Кенесары хан ескерткіші аумағында Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұлан Ән-би ансамблінің солистері мен Үлгілі-көрсетімді оркестрінің салтанатты қойылымы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстан полицейлерінің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған концертте қала тұрғындары мен қонақтары ашық аспан астында жанды дауыста музыка тыңдап, ерекше көріністі тамашалады. Концерт бағдарламасында классикалық және заманауи туындылар, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ерлігі мен қайсарлығына арналған патриоттық композициялар тарту етілді.

Осылайша, аға лейтенант Олжас Сұрағановтың дирижерлігімен үлгілі-көрсетімді оркестр музыканттарының орындауында «Саптық марш», «Танымал әндерден попурри», «Жорға», «Батырлар ұраны», «Жаса, Қазақстан!» туындылары орындалды.

Құқықтық тәртіп әскерлерінің Ән-би ансамблінің солистері Нұрсұлтан Қарабалиевтің «Шашы ұзын қыз», Динара Жаңабергенованың «Жүрек сыры» және «Қара, қара» әндерін шырқады. Әсіресе, көрермендер Денис Яковлевтің мемлекеттік тілде айтқан «Боз жорға» әнін ыстық ықыласпен қабылдады. Сондай-ақ, ансамбльдің бишілер тобы «Бозайғыр», ал солистер тобы «Ұлттық ұлан» әндерін ұсынды.

Қазақстандық полицейлерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Ұлттық ұланды да білеміз, олар біздің тыныштығымызды, болашағымызды қорғайды. Полиция қызметкерлерімен бірге елдегі тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Олар – батыл да сымбатты жігіттер. Концерт өте тамаша өтті, маған қатты ұнады, әскерилер жан-жақты да, дарынды екен, - деді 73 жастағы елордалық зейнеткер.