00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада автобустар жаңартыла бастады

Елордада автобустар жаңартыла бастады
Фото: Бақтыгүл Бурбаева

№29 және №29А бағдарларындағы автобустар жаңартыла бастады, деп хабарлады Elorda.info CTC-ке сілтеме жасап.

Бүгін қала жолдарына 2024 жылы шығарылған «HIGER» маркалы жаңа автобустар шығарылды. Сонымен қатар аталған бағдарларға қызмет көрсету «Аби Астана» жаңа жеке тасымалдаушыға тапсырылды. Енді Астанада 6 автобус паркі бар, оның бірі - коммуналдық №1 автобус паркі, - делінген хабарламада.

Тасымалдаушы бағдарларға 5 жаңа автобусты қосты. №29 және №29А бағдарларына жалпы 16 автобус қызмет көрсетеді.