00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елорда әуежайы 7,5 млн жолаушыға қызмет көрсетті

25 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елорда әуежайы 7,5 млн жолаушыға қызмет көрсетті
фото: t.me/caa_kaz

Бүгін Астана қаласының әуежайы 7,5 млн. жолаушыны қарсы алды. Мерейтойлық жолаушы Елордаға Алматы қаласынан «Эйр Астана» әуекомпаниясының КС853 рейсімен келді, деп хабарлады Elorda.info Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. 

Әуежай үшін 2023 жыл қызмет көрсеткен жолаушылар саны бойынша рекордтық жыл болды. 2022 жылғы көрсеткіш мәнімен өсім (6 млн. жолаушы) 25% құрады.
Анықтама: Астана қаласының әуежайынан аптасына 500-ден астам рейс жиілігімен 40 әуе бағыта орындалады, оның ішінде:
- ішкі рейстер-аптасына 367 рейс жиілігімен 16 бағыт;
- халықаралық рейстер-аптасына 143 рейс жиілігімен 24 бағыт.