Елімізге Скандинавиядан антициклон келе жатыр
Фото: Оңалхан Өнерхан
Қазақстандық синоптиктер алдағы сенбіде, 2025 жылғы 25 қаңтарда ел өңірлері тұрғындарын ауа райына қатысты қандай тосынсыйлар күтіп тұрғанын болжап, айтып берді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, Скандинавия аумағынан жылжып жеткен антициклон Қазақстан аумағы арқылы өтіп, аязды күндерді алып келеді, алайда ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.
Республикамыз бойынша ортақ табиғи құбылыс - тұманның түсуі, еліміздің солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында жел екпін алады, оңтүстік, солтүстік-батыс өңірлерде жаяу бұрқасын жүреді, республикамыздың оңтүстік-батысында көктайғақ болады деп күтіледі, - делінген болжамда.
Ұқсас жаңалықтар
27 қазан, 2025
Қазақстан БҰҰ-ның киберқылмысқа қарсы конвенциясына қол қойды
27 қазан, 2025
Алматы мен Мәскеу арасында тікелей теміржол қатынасы ашылды
24 қазан, 2025
ХҚКО мереке және демалыс күндері қалай жұмыс істейді
24 қазан, 2025
«Сіз салық декларациясын уақытылы тапсырмағансыз»: алаяқтар жаңа әдіс ойлап тапты
