Еліміздің бірқатар өңірінде дабыл жүйесі іске қосылады

5 наурыз, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
Еліміздің бірқатар өңірінде дабыл жүйесі іске қосылады
фото: ТЖМ

6 наурызда Қазақстанның 9 өңірінде дабыл жүйесі іске қосылады, деп хабарлады Elordainfo.kz ТЖМ-ға сілтеме жасап.

6-7 наурызда еліміздің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде органдарды су тасқыны кезеңі жағдайларында төтенше жағдайларды жоюға дайындау бойынша «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың 2-ші кезеңі өтеді. 

Оқу үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Қостанайда орналасады.

Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн бойы Астана қаласында, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарында профилактикалық іс-шаралар кешені өткізіледі.

«Сонымен қатар «Баршаның назарына!» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында еліміздің 9 өңірінде 2025 жылғы 6 наурызда сағат 11.00-де барлық дыбыстық электр дабылдары қосылатын болады. Осыған орай тыныштық сақтап, үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз» , - деп жазылған хабарламада