Елімізде қоғамдық тамақтану орындарының саны артты

30 шілде, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елімізде қоғамдық тамақтану орындарының саны артты
фото: freepik.com

2024 жылы елімізде тіркелген қоғамдық тамақтану орындарының жалпы саны 16 674-ке жетті. Бұл өткен 2023 жылмен салыстырғанда 5,4%-ға артық, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап. 

Қоғамдық тамақтану орындарының ең көп шоғырланған өңірлері:
– Алматы қаласы – 2 427 мекеме,
– Астана қаласы – 2 252 мекеме,
– Қарағанды облысы – 1 333 мекеме.

Тамақтану орындарының құрылымына келсек, мейрамханалар саны бір жылда 55 бірлікке артып, 2 358-ге жеткен. Асханалар саны 4,3%-ға өсіп, 5 383-тен 5 618-ге дейін көбейген. Ал ең жоғары өсім кафелер арасында байқалды – олардың саны 4 479-дан 5 202-ге дейін өсіп, 16,1%-ға артты.

Мейрамханалар саны бойынша алдыңғы орындарда:
– Астана – 524,
– Алматы – 446,
– Ақтөбе облысы – 161.

Кафелердің ең көп саны келесі өңірлерде тіркелген:
– Астана – 643,
– Алматы – 618,
– Қарағанды облысы – 589.

2024 жылы қоғамдық тамақтану және сусындар ұсыну саласында көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі 1,5 трлн теңгені құрады.