00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде көкөніс шырынының өндірісі өсті

Елімізде көкөніс шырынының өндірісі өсті
Elordainfo.kz

Қазақстанда алма шырынын өндіру көрсеткіші жарты жылда 23% өсті, деп хабарлады Elorda.info.

Биыл қаңтар-маусым айларында отандық өндірушілер 8,6 млн литр шырын шығарды, ал өткен жылдың осы кезеңінде 7 млн литр болған.

Сондай-ақ көкөніс шырындарының өндірісі 2% артты, оның ішінде қызанақ шырынының өндірісі 3,3% өскен. 2023 жылдың қаңтар-маусымындағы 1,7 млн литрмен салыстырғанда 1,8 млн литр қызанақ шырыны жасалған.

Алты айдың ішінде 367 млн литр минералды және газдалған сусын шығарылды, бұл 2023 жылдың алғашқы алты айымен салыстырғанда 1,2% артық.

Жылдық мәнде минералды және ауыз судың бағасы 16,3% өскен, салқындатылған сусындар бойынша – 11,9%, көкөніс және жеміс шырындары бойынша – 11%.