00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде электр энергиясының тарифі өсуі мүмкін

11 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде электр энергиясының тарифі өсуі мүмкін
фото: Оңалхан Өнерхан

Келесі жылдан бастап еліміздегі станцияларды күрделі жөндеуден өткізу үшін электр энергиясының тарифі өсуі мүмкін, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Энергетика министрінің бұйрық-жобасында жазылған.

Құжатта 2024 жылы қуаттылықтың шекті тарифінің деңгейі айына 1 065 мың теңге болатыны жазылған.

2016 жылдан бастап 2022 жылға дейінгі кезеңдегі инфляция коэффициентін ескере отырып, 2024 жылы қуаттылықтың шекті тарифінің деңгейі айына 1 065 мың теңге (қазір 590 мың теңге), 2025 жылы 1 215 мың теңге/МВт болуы тиіс. Бұл саланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етуге және авариялық жөндеудің жиілеп кеткен жағдайларын ескере отырып, Қазақстанның электр станцияларын күрделі жөндеуге қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік береді, - делінген құжатта.

Бұйрық 22 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады.