00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде еңбек жағдайлары зиянды кәсіптер тізбесі толықтырылады

10 мамыр, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде еңбек жағдайлары зиянды кәсіптер тізбесі толықтырылады
Коллаж: Elordainfo.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесін толықтырды, деп хабарлады Elorda.info.

Аталған тізбеге тау-кен өндірісін тасымалдаумен айналысатын автомобиль жүргізушісі мамандығы қосылды.

Бұл тізімге тау-кен жұмыстарында жұмыс уақытының кемінде 80% -да жұмыс істейтін басқа мамандар да кіреді:

-тау балауызы өндiрiсiнiң аппаратшысы;

-бункершi;

-шпурларды бұрғылаушы;

-аспалы-әуе жолдарының вагонетшiсi;

-вагонетшi;

-жарушы;

-тау-кен массасын тасымалдаумен айналысатын автомобиль жүргізушісі;

-тау-кен массасын тиейтiн тиегiш жүргiзушiсi

-үйiндiлердегi түсiрушi;

-гидромониторшы;

-тау-кен жұмысшысы;

-гүрсілдетушi;

-жоғарыда санамаланған қазбалар мен жыныстарды тиеумен, -түсiрумен айналысатын жүк тиеуші;

-жеткізушi;

-қашау майлаушы;

-шахтаға бекіту материалдарын жеткізушi және басқалары.

Құжат 23 мамырға дейін ашық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.