Елімізде ауа температурасы 35 градусқа дейін төмендейді

фото: Оңалхан Өнерхан
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 21-23 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
21-22 қаңтарда Солтүстік-батыс циклонының әсерінен елдің басым бөлігінде жауын-шашын болады: солтүстік өңірлерде қар, кейде қатты қар; Қазақстанның шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашын жауады.
Сондай-ақ республика бойынша боран, көктайғақ, тұман, желдің 15-28 м/с күшеюі, Қазақстанның шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 30 м/с және одан да қатты жел күтіледі. Антициклоннан бүкіл ел бойынша температураның күрт төмендеуі, солтүстік жартысында 25-35 аязға дейін, оңтүстігінде 15-25 аязға дейін болуы күтіледі.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 17:09
Республикалық маңызы бар «Қалбатау – Майқапшағай» автомобиль жолы пайдалануға берілді

15 қазан, 2025
Елімізде телевизия мен радио арқылы хабар тарату уақытша тоқтатылады

15 қазан, 2025
Qazaq Air Астанадан Қырғызстан мен Өзбекстанға әуе рейсін ашады

15 қазан, 2025
Шенген аймағына кіру ережелеріндегі жаңа талаптар туралы белгілі болды