Елімізде 5 жаңа су қоймасы салынады
7 наурыз, 2024
Елорда ақпарат
Фото: Оңалхан Өнерхан
Алдағы жылдарда салынатын тағы 8 нысанның құжаттары әзірленіп жатыр. Жалпы 11 облыста 20 жаңа су қоймасын салу жоспарланған, деп хабарлайды Elorda.info.
Жұмыс 2024-2028 жылдар аралығында орындалуы тиіс.
Жаңа су қоймалары суармалы жерлердің ауданын 250 мың гектарға ұлғайтуға және 137 мың тұрғыны бар 70 ауылдық елді мекенді су басу қаупін азайтуы керек.
Құрылыс жұмыстары су шаруашылығын дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған Кешенді жоспарына сәйкес жүргізілетін болады. Қазір жаңа су қоймаларын салуға инвесторларды тарту бойынша келіссөздер жүргізілуде. Жоба елдің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және трансшекаралық өзендерге тәуелділікті азайту үшін іске асырылуда, – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 17:53
Запасқа шығарылған ұландықтарға құрмет көрсетілді
Бүгін, 17:23
Қазақстан туризм саласындағы жетістіктері мен жоспарларын таныстырды
Бүгін, 15:32
«Жылдың үздік қоғам белсендісі» республикалық байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Бүгін, 13:58
Республикалық маңызы бар жолдарда жаңа индекстер бекітілді