00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде 44 градусқа дейін аяз болады

12 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде 44 градусқа дейін аяз болады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Синоптиктер 12-14 желтоқсанда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлады Elorda.info

Метеорологтардың айтуынша, еліміздің басым бөлігінде аязды ауа райы сақталады.

Бұл арктикалық антициклонның ықпалына байланысты. 12-13 желтоқсанда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауады. 12 желтоқсанда таулы аймақтарда қалың қар жауады. Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында жел күшейіп, таулы аймақтарда тұман түседі деп күтілуде. 12-13 желтоқсанда түнде ауа температурасы: солтүстік-батыста және орталықта 25-38, солтүстікте 30-38, республиканың қиыр солтүстігі мен солтүстік-батысында 40-44. Еліміздің шығысында 20-38, 14 желтоқсанда 32-38, кей жерлерде 40-42 дейін, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 25-30 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Таулы аймақтарда 33-38 нөлден төмен.

14 желтоқсаннан бастап арктикалық антициклон солтүстік-шығыс бағытта ығыса бастайды, - делінген хабарламада.