00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде 4 жаңа әуежай салынуы мүмкін

19 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде 4 жаңа әуежай салынуы мүмкін
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қарқаралы, Ұлытау, Зайсан және Катонқарағайда жаңа әуежайлар салынуы мүмкін. Бұл туралы Elorda.info Көлік министрлігіне сілтеме жасап хабарлады. 

Әуе тасымалдарына деген өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін әуежайлардың инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. 

Келесі жылы Шымкент, Қызылорда және Алматыда жаңа терминалдар құрылысы аяқталады. Нәтижесінде олардың өткізу қабілеті 5-7 есе артады деп күтілуде. 2024 жылы Астана мен Павлодарда ұшу-қону жолағын, Балқашта перрон мен такси жолағын қайта жаңарту жұмыстары басталады, - делінген хабарламада.

Шағын авиацияны дамыту мақсатында бюджет қаражаты есебінен Балқаш, Үржар және Үшарал әуежайларында ұшу-қону жолағы жаңғыртылды, онда да жаңа аэровокзал салынды. Алдағы 2-3 жылда Балқаш және Үржар әуежайларын жаңарту көзделіп отыр, сонымен бірге Қарқаралы, Ұлытау, Зайсан және Катонқарағай жаңа әуежайларын салу мәселесі қаралуда.

Әуежайларда мультимодальды орталықтар құру жөніндегі жоспарларға сәйкес қажетті құзыреттері мен капиталы бар жеке инвесторлар қажет.

Аталған міндет шеңберінде ұшу-қону жолағы, жанармай құю кешендерін қайта жаңарту, жолаушылар және жүк терминалдарын кеңейту кезең-кезеңмен жүргізілуде. Қазірдің өзінде үш мегаполис пен Қарағанды бойынша жоспарлар бар, Ақтөбе, Түркістан және Қызылорда әуежайларын ірі жаһандық инвесторларға сенімгерлік басқаруға беру бойынша келіссөздер жүргізілуде.