Елімізде 24,4 млн тонна мал азығы дайындалды

Елімізде алдағы қыс маусымына арналған мал азығын дайындау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Ең жоғары қарқын бірқатар облыста байқалады. Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысында жоспар 115 пайызға орындалды. Ақмола облысы мен Шымкент қаласында – 100%, Қостанай облысында – 99%, Жетісу облысында – 98,7%, Алматы облысында – 92,6%, Павлодар облысында – 91,1%.
Жалпы 20,8 млн тонна шөп (жоспардың 85,1%-ы), 1,7 млн тонна сүрлемшөп (99,2%), 749,7 мың тонна құнарлы жем (13,4%), 1,4 млн тонна сабан (31,0%) дайындалды.
«2025–2026 жылғы қыстауға 24,5 млн тонна шөп, 1,7 млн тонна сүрлемшөп, 4,6 млн тонна сабан, 5,6 млн тонна құнарлы жем және 2 млн тонна сүрлем дайындау жоспарланған. Мал азығымен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты»,- делінген министрліктің хабарламасында.