00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Еліміз бұл жолы да бір жұдырықтай жұмылатыны анық- Ерлан Дакенов

Еліміз бұл жолы да бір жұдырықтай жұмылатыны анық- Ерлан Дакенов
фото: ElordaInfo

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының директоры Дакенов Ерлан Президенттің елдегі су тасқынына байланысты үндеуіне пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info.

Жағдай өте қиын болсада біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз”- деді Мемлекет басшысы бүгінгі үндеуінде. Қазақстан халқы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апатқа бетпе-бет келіп отыр. Қандай қиын-қыстау кезең болсада, үнемі бір тудың астына жиналатын еліміз, бұл жолыда бұра тартпай бір жұдырықтай жұмылатыны анық. Ел тізгінің ұстаған тұлғалар, Төтенше жағдайлар министрі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Қарулы күштер және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары жағдайды реттеуге атсалысуда. Орын алған су тасқыны Президенттің ерекше назарында, бақылауында екенін де ұмытпаған абзал.”Жұмыла көтерген жүк жеңіл”. Гүлде қар астында мәңгі жатпайды. Сын сағатта сабыр сақтап, Алладан жәрдем тілейміз! Жаратқан халқымызға жар болсын!,-деді ол.