«Еліме пайдам тисін деп»: Қуат Хамитов Атырау халқына көмек жіберді
25 сәуір, 2024
Елорда ақпарат
фото: Elorda.info
«Найман» лақап атымен танымал аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов өз атынан тасқын судан зардап шеккен Атырау облысына гуманитарлық көмек жөнелтті, деп хабарлады Elorda.info
Бұл туралы спортшының өзі Instagram желісіндегі ресми парақшасында айтты.
Елде болсам Құлсарыға барып қызмет етуге болатын еді. Өкінішке қарай, қазір шетелде дайындықта жүрмін. Сондықтан, аз болса да халқыма, еліме пайдам тисін деп өз атымнан гуманитарлық көмек жіберіп жатырмын, – деді Хамитов.
Ол өз сөзінде жақын арада тасқыннан зардап шеккен басқа да облыстарға гуманитарлық көмек жіберетінін жазды.
Айта кетейік, Қуат Хамитов қазіргі таңда 11 мамырда болатын кезекті жекпе-жегіне Таиландта дайындалып жатыр. Ол ресейлік файтер Александр Шлеменкомен кездеседі.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Запасқа шығарылған ұландықтарға құрмет көрсетілді
22 қараша, 2024
Қазақстан туризм саласындағы жетістіктері мен жоспарларын таныстырды
22 қараша, 2024
«Жылдың үздік қоғам белсендісі» республикалық байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
22 қараша, 2024
Республикалық маңызы бар жолдарда жаңа индекстер бекітілді